31.05.2010, 10:25 6697

Шымкентте балабақшада өрт шықты, ешкім зардап шеккен жоқ

Шымкентте балабақшада өрт шықты, ешкім зардап шеккен жоқ

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында балабақшада өрт шықты, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 30 мамырда сағат 02.18-де 16-шы ықшамаудандағы №73 балабақшада оқу класында өрт шықты. Өрт аумағы 32 шаршы метрді құрады. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

ТЖМ мәліметінше, өрт Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 19 адамының күшімен 03 сағат 44 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны