21.02.2007, 11:44 3192

Шымкентте бес жасар бала балабақшаның терезесінен құлап қаза тапты

ШЫМКЕНТ. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Шымкенттің Еңбекші ауданында бес жасар бала балабақшаның терезесінен құлап қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-інен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес жасар ұл екінші қабаттың терезесінен құлаған. Ол облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілген. Балаға екі операция жасалғанымен, ол есін жимастан қайтыс болды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, топтың тәрбиешісі қайғылы оқиға өзі балалардың тамағын алуға кеткен кезде болды деп түсіндірген. Сол күні және соның алдындағы күні тәрбиеші бала бағушының көмегінсіз жалғыз өзі жұмыс істеген, балалар қараусыз қалған. Балалар жуынатын бөлмеге кірген кезде әлгі бала ашық тұрған терезенің алдына шығып алған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға орнында сұраған кезде тәрбиеші өзінің кінәсін мойындамады. "Мен бұл жерде оқуға ақша табу үшін жүргем. Осы жолы бала бағушы екі күн келмей қалды. Мен екі адамның жұмысын істедім. Сөйтіп бала екінші қабаттан құлап кетті. Мен оған кінәлі емеспін ғой!",- деді ол.

Қазір тәртіп сақшылары баланың қаза табу дерегін тексеріп жатыр.

Журналистерге белгілі болғанындай, қазір қаладағы барлық балалар ұйымдарында терезелерді бітеп, оларға тор шегелеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны