08.05.2008, 16:07 2881

Шымкентте бірнеше ондаған жай үй газдан ажыратылды -телеарна

Шымкентте бірнеше ондаған жай үй газдан ажыратылды -телеарна

Шымкент. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жер асты құбырынан газдың шығуы салдарынан бірнеше ондаған жай үй көгілдір отыннан ажыратылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Корғасын зауыты кентінде (Шымкент қаласы) жер асты құбырынан газ шығуы салдарынан газ шаруашылығының апаттық тобы шкафты -тарату бөлімшесін газдан ажыратты.

Магистральді құбырдан газдың таралу дерегі жер астынан құбыр шығып тұрған жай үйдің ауласында тіркелді.

"Жыл сайын бұл жерде газ шығады. Мен газ шаруашылығының қызметкерлерін шақырамын, олар құралдармен өлшеп мұнда жер үстіндігі желісін орнату керек деп айтады, бірақ бұған көп уақыт және қаржы кетеді екен. Сондықтан олар оның үстіне гудрон құйып бекітеді, бұл маған бір жылға жетеді. Ал келесі жылы тағы да газ шығып жатады", - деп хабарлады үй тұрғыны.

Телеарна хабарлағанындай, газ шаруашылығының өкілі қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып, жөндеу жасайтын топ қазір келеді деп жауап берген. Кент тұрғындары газ шаруашылығының қызметкерлері мереке күндеріне дейін құбырдағы ақаулықтарды жөндейтініне қатысты сенімсіздік білдірді. Өйткені, бүгін сағат 11.00 апат болған жерге ешкім келмеген. Тұрғындар алдағы мереке күндерін көгілдір отынсыз қарсы алуға дайындалуда.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, облыста тесілген құбыр салдарынан газ бір жерге жиналып, оның арты адам шығынына ұрындырған оқиғалар болған.

Бірнеше күн бұрын өткен облыстық жиналыста облыстық әкімнің бірінші орынбасары Ислам Ибішев көнерген коммуникацияларды ауыстырмай, оған қаржы жұмсамай отырған газ және энергетиктердің атына сын айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны