30.10.2012, 13:25 4227

Шымкентте болған қарулы қақтығыс салдарынан екі адам мерт болып, он бесі жараланды

Шымкентте болған қарулы қақтығыстың тағы бір қатысушысы ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмған.

Шымкент. 30-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкентте болған қарулы қақтығыс салдарынан екі адам мерт болып, он бесі жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте болған қарулы қақтығыстың тағы бір қатысушысы ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмған.

Белгілі болғандай, жедел медициналық жәрдем ауруханасына 10 адам жеткізілген. Олардың бірі дәрігерлер келгенге мерт болды. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген екі азаматтың біреуінің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Ал екінші азаматқа ота жасалды, қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр. Одан басқа, ауруханада тағы бір жәбірленуші жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Қалғандары емделуден бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте туыстар арасында қарулы қақтығыс болған болатын. Қазіргі уақыттағы мәліметтер бойынша алған жарақаттардың салдарынан екі адам қаза тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны