31.07.2006, 18:36 6417

Шымкентте екі тәртіп сақшысы мен аудандық әкімшіліктің бір қызметкері сотталды

ШЫМКЕНТ. 31-шілде. Kazakhstan Today. Шымкентте екі тәртіп сақшысы мен аудандық әкімшіліктің бір қызметкері сотталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, Ил-Фараби аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары, полиция подполковнигі Бақтияр Бұтанбаевтың үстінен "Алаяқтық" деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Осы жылдың 21-наурызында подполковникті Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері Шымкент тұрғынынан жеңгетайлық жасауға қолдау көрсеткені үшін 2 мың доллар көлемінде пара алып жатқан сәтінде қолға түсірген.

Еңбекші аудандық соты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасына қарасты ИЧ-167/2 түзету мекемесінің бастығы міндетін атқарушы Илімжан Байытовты 500 доллар көлемінде пара алғаны және аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін айыпты деп тауып үкім шығарды. И.Байытов 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сонымен бірге Қазығұрт аудандық соты Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық округінің жанындағы еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы С.Сейдомаровты пара алғаны үшін жеті жылға кесті. Шенеунік ауыл тұрғындарынан балаларын материалдық көмек көрсетілетіндердің тізіміне енгізіп бергені үшін пара талап еткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны