19.10.2009, 09:44 1629

Шымкентте газ құбырын жөндеу- қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Шымкентте газ құбырын жөндеу- қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте газ құбырындағы апат жойылды, барлық абоненттер газбен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қазанда сағат 14.00-дегі жағдаймен жөндеу қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Газ қамтамасыздығы толық қалпына келтірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еңбекші ауданында кеше сағат 14.30-да "Южный" кеңшары бағытындағы құбырды жоспарлы тексерген кезде орта қысымды жер асты құбырынан газ шығып жатқаны анықталды. Соның салдарынан 29 шкафты тарату бөлімшесі мен 2 өнеркәсіптік нысан - "Шымкент сүт" АҚ мен "Olaks" ЖШС газдан ажыратылды, Шымкенттің жай үйлер секторындағы 1474 абонент газсыз қалды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жүргізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны