25.05.2011, 17:24 3113

Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан 400 жуық абонент көгілдір отынсыз қалды

"Сейсенбі күні, Шәймерденов көшесі бойындағы № 201 және №203 үйлердің диаметрі 114-мм-лік газ құбыры ағаш аралау барысында зақымданды. Соның салдарынан жеке сектордағы 189 абонент көгілдір отынсыз қалды", - делінген ведомство ақпаратында.

Астана. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан 400 жуық абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шымкентте газ құбырының зақымдануы салдарынан 189 абонент көгілдір отынсыз қалған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Сейсенбі күні, Шәймерденов көшесі бойындағы № 201 және №203 үйлердің диаметрі 114-мм-лік газ құбыры ағаш аралау барысында зақымданды. Соның салдарынан жеке сектордағы 189 абонент көгілдір отынсыз қалды", - делінген ведомство ақпаратында.

Төтенше оқиғаның алдын алуға "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның 8 маманы мен арнайы техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны