21.09.2011, 09:43 3036

Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан 500 тұтынушы көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте Пахтакор-1 шағын ауданындағы Ғажайып көшесінде 20 қыркүйек күні сағат 19.06 да "КамАЗ" автокөлігінің газ құбыры жүргізілген аркадан өтуі кезінде құбыр жарылып, шамамен 500 жеке сектордағы тұтынушы көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан 500 тұрғын үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шымкентте Пахтакор-1 шағын ауданындағы Ғажайып көшесінде 20 қыркүйек күні сағат 19.06 да "КамАЗ" автокөлігінің газ құбыры жүргізілген аркадан өтуі кезінде құбыр жарылып, шамамен 500 жеке сектордағы тұтынушы көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Газ құбырында 89 миллиметрлік диаметрмен жарылу орын алып, нәтижесінде жеке сектордағы 492 тұтынушы көгілдір отынсыз қалды", - деп көрсетілген сәрсенбі күнгі жарияланған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны