01.06.2011, 13:12 3065

Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан 900 астам абонент көгілдір отынсыз қалды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатқа жерасты газ құбырынан газдың ауаға тарауы себеп болған.

Шымкент. 1 - маусым. Kazakhstan Today - Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан 900 астам абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатқа жерасты газ құбырынан газдың ауаға тарауы себеп болған.

"Шымкентте Темірлан тас жолы бойында орналасқан тұрғын үй жанынан диаметрі 89 мм-лік төмен қысымды жерасты газ құбырынан газдың сыртқа таралып жатқандығы белгілі болған", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соның салдарынан көппәтерлі тұрғын үйдің 729 абоненті және жеке тұрғын үйлердің 155 абоненті газсыз қалған.

Төтенше оқиғаның салдарын жоюға "ҚазТрансГаз" АҚ 5 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны