02.06.2011, 11:36 3050

Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан көгілдір отынсыз қалған трғындарды газбен қамтамасыз ету қалпына келтірілді

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 1-маусымы күні сағат 17.15 апаттық қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталған. ТЖ жоюға "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 7 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Астана. 2 - маусым. Kazakhstan Today - Шымкентте газ құбырында болған апат салдарынан көгілдір отынсыз қалған трғындарды газбен қамтамасыз ету толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 1-маусымы күні сағат 17.15 апаттық қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталған. ТЖ жоюға "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 7 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте 2011 жылдың 31-мамыры күні сағат 12.44 бгаз құбырында болған апат салдарынан 900 астам абонент көгілдір отынсыз қалған болатын.

"Шымкентте Темірлан тас жолы бойында орналасқан тұрғын үй жанынан диаметрі 89 мм-лік төмен қысымды жерасты газ құбырынан газдың сыртқа таралып жатқандығы белгілі болған", - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Соның салдарынан көппәтерлі тұрғын үйдің 729 абоненті және жеке тұрғын үйлердің 155 абоненті газсыз қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны