14.10.2009, 09:58 1268

Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 1,5 мың абонент пен екі өнеркәсіптік нысан көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 1,5 мың абонент пен екі өнеркәсіптік нысан көгілдір отынсыз қалды

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 1,5 мың абонент пен екі өнеркәсіптік нысан көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Еңбекші ауданында кеше сағат 14.30-да "Южный" кеңшары бағытындағы құбырды жоспарлы тексерген кезде орта қысымды жер асты құбырынан газ шығып жатқаны анықталды. Соның салдарынан 29 шкафты тарату бөлімшесі мен 2 өнеркәсіптік нысан - "Шымкент сүт" АҚ мен "Olaks" ЖШС газдан ажыратылды, Шымкенттің жай үйлер секторындағы 1474 абонент газсыз қалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сағат 18.30-дағы жағдаймен 19 шкафты тарату бөлімшесі мен985 абонентке газ берілді.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны