21.03.2007, 14:53 3221

Шымкентте газ құбырының ақауы салдарынан 90 үй газсыз қалды

ШЫМКЕНТ. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Шымкентте газ құбырының ақауы салдарынан 90 үй газсыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кеше 14 сағатта Илімбеков көшесіндегі сыртқы газ құбырында екі тіректің жоқтығынан құбырға ақау келіп, дәнекерленген тұсында жарық түзілді. Газдың шығуына жол бермеу үшін тиек түсірілді. Соның салдарынан 90 жер үйге газ жіберілетін шкафты-таратқыш подстанциялар газсыз қалды. Бүгін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Көгілдір отын кешке қарай беріледі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны