14.01.2010, 13:19 1570

Шымкентте қарт кейуана 12 сағат бойы ішінде суы бар ваннада жатқан

Шымкентте қарт кейуана 12 сағат бойы ішінде суы бар ваннада жатқан

Шымкент. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Шымкентте қарт кейуана көршілері оның жан айқайын естіп келіп құтқарғанша 12 сағат бойы ішінде суы бар ваннада жатқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

"2010 жылдың 10 қаңтарында Шымкент қалалық құтқарушылары қарт кейуанаға көмек көрсетті. Сағат 11.47-де шақыру алған олар оқиға орнына сағат 12.01 -де келіп, альпинистік құралды пайдалану арқылы төртінші қабаттан үшінші қабатқа түсіп, лоджия арқылы бөлмеге енген. Ванна бөлмесінде құтқарушылар 1927 жылы туған әйелді тапты. Ол өз бетімен шыға алмай, 12 сағат бойы ішінде суы бар ваннада жатқан ", - делінген хабарламада.

Құтқарушыларды қарт әйелдің жанайқыйын естіген көршілері шақырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны