24.12.2008, 13:59 1834

Шымкентте кәсіпкердің тапсырысымен балгер әйел өлтірілді

Шымкентте кәсіпкердің тапсырысымен балгер өлтірілді

Шымкент. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте бір кәсіпкер балгерді өлтіруге тапсырыс берді. Бұл туралы бүгін ОҚО ІІД төрағасының бірінші орынбасары Арман Оразалиев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

А. Оразалиевтің айтуынша, 5 желтоқсанда Шымкентте 68 жастағы әйелдің мәйіті өз үйінің ауласынан табылған. Ийел шөптерді пайдаланып балгерлік жасау арқылы тірлік еткен. Ийелді өлтірген 12-ші калибрлі шолақ мылтық сол маңнан табылды.

"Үш күннен кейін біз әйелді өлтірген 24 жастағы Арыс тұрғынын анықтап ұстадық. Ал бірнеше күннен соң кісі өлтіруге тапсырыс беруші мен делдал табылды", -деді А. Оразалиев.

Оның айтуынша, балгерді өлтіруге кәсіпкер тапсырыс берген.

"37 жастағы кәсіпкер балгер әйелмен 2007 жылдан бері таныс болған, одан бірнеше мәрте ақыл-кеңес алған. Ағымдағы жылы сәтсіз аяқталған бірнеше сауда-саттықтан кейін кәсіпкер тіл-көз тиюге себеп болды деп балгерді айыптап, өзінің танысынан тапсырыспен кісі өлтіргішті тауып беруді сұраған", - деді А. Оразалиев.

Қазір ұсталғандардың бәрінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны