05.12.2013, 18:24 9133

Шымкентте қатты соққан жел көп қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті

"Оқиға орынан 9 құтқару қызметкері және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Қызметкерлер 2 сағат бойы 212 шаршы метрді тазалады. Өйткені, бұл шатырлар адам үстіне құлап кетуі мүмкін еді. Қызметкерлер дер кезінде апатты жойды,- деді облыстық ТЖД бас маманы Арман Исібеков.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. Шымкентте қатты соққан жел көп қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар шатыр жабындыларын арнайы құралдардың көмегімен жерге түсірді.

Олардың айтуынша, шатыр сапасыз орнатылғандықтан, қатты желге төтеп бере алмаған. Жергілікті тұрғындар шатырды жақында ауыстырған. Қалай десек те, 20 пәтерлі тұрғын үй иелерінің қайта шығындануларына тура келеді.

"Оқиға орынан 9 құтқару қызметкері және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Қызметкерлер 2 сағат бойы 212 шаршы метрді тазалады. Өйткені, бұл шатырлар адам үстіне құлап кетуі мүмкін еді. Қызметкерлер дер кезінде апатты жойды,- деді облыстық ТЖД бас маманы Арман Исібеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны