08.09.2008, 11:58 1263

Шымкентте қуаты 2 балл жер асты дүмпулері сезілді

Шымкентте қуаты 2 балл жер асты дүмпулері сезілді

Шымкент. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте қуаты 2 балл жер асты дүмпулері сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында болған. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

"Қаладағы жер асты дүмпулері 6 қыркүйекте сағат 11.51-де сезілді. Ташкенттегі Орталық сейсмикалық обсерваторияның мәліметінше, сілкініс ошағы Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым жерде Ауғанстан аумағында, Гиндикуш қыстағының маңында тіркелген", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шымкентте құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны