05.01.2009, 10:23 1525

Шымкентте қуаты екі балл болатын жер асты дүмпулері сезілді

Шымкентте қуаты екі балл болатын жер асты дүмпулері сезілді

Шымкент. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенте бүгін таңертең қуаты екі балл болатын жер асты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қаңтарда сағат 05.12-де Шымкент қаласының аумағында жер асты дүмпулері тіркелді. Алматы қаласындағы орталық обсерваториясының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында болған. Шымкенттегі дүмпу қуаты екі балдан асқан жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қандайбір қираулар мен ақаулар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны