17.01.2008, 16:13 2650

Шымкентте күндіз көп қабатты үйдің ауласында екі адам өлтірілді

Шымкентте күндіз көп қабатты үйдің ауласында екі адам өлтірілді

Шымкент. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте күндіз көп қабатты үйдің ауласында екі адам атып өлтірілді. Бұл туралы бүгін өткн брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Полицияға шақыру сағат 12 кезінде түскен. 18-ші ықшамауданының тұрғындары аулада атыс болып жатқандығын хабарлаған",- деді Салтанат Қаракөзова.

Оқиға болған жерге келіп жеткен полицейлер бір жігітті өліп жатқан жерінен тауып алған. Бұл кезде екінші жәбірленушіні ауруханаға алып кеткен болатын, ол есін жимастан көз жұмған.

Оқиға болған жерден ТТ және Стечкин тапаншалары, Калашкинов автоматы, оқтар мен гильзалар табылған.

"Полиция қызметкерлері қайтыс болғандардың кім екендіктерін анықтады. Олар Кентау қаласының 20 жастағы тұрғыны мен Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны болып шықты",- деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, дәл осы күні атысқа қатысы бар деген күдіктілер де қолға түскен.

Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар, соның ішінде балластикалық сараптама жүргізілуде.

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, тергеу оқиғаның барлық болжамдардын қарастыруда. "Тергеудің мүддесі үшін мен әзірге ештеңе айта алмаймын, тек қарқынды жұмыс жүріп жатқандығын ғана растай аламын",- деді баспасөз хатшысы.

Брифингке қатысқан жергілікті баспасөз журналистері, бұл оқиға қаланың халық тығыз орналасқан ауданында тапа-тал түсте атыс қаруларын қолданып, криминалдық оқиғалардың болуына ашуланған қала тұрғындарының арасында дүрбелең туғызғандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны