17.09.2007, 19:12 3358

Шымкентте мас жүргізуші соғып кеткен полицей қайтыс болды

Шымкентте мас жүргізуші соғып кеткен полицей қайтыс болды.

ШЫМКЕНТ. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте мас жүргізуші соғып кеткен жол полицейі қайтыс болды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Облыстық жол полициясы басқармасының жеке взводының қызметкері Нұржан Алтынбеков кеше ауруханада көз жұмған.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 14-қыркүйете түнде аға лейтенант Нұржан Алтынбеков жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған. Бірақ мас жүргізуші оның талаптарына бағынбақ түгілі, полицейді соғып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Оны сол күні ұстаған, сараптама оның орташа деңгейде мас екендігін көрсетіп отыр.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің анықтау басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тексеруде.

Агенттік тілшісіне жол полиция басқармасынан хабарлағандай, Н. Алтынбековтың әйелі және төрт баласы бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны