06.04.2007, 10:08 1647

Шымкентте "Мирас" университетінің ғимаратында өрт шықты; құрбан болғандар жоқ

АСТАНА. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Шымкентте "Мирас" университетінің ғимаратында өрт шықты; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, "Мирас" университетінің 4 қабатты ғимаратында 6-сәуірде 3 сағат 32 минутта салтанаттар залында шыққан өрт ғимараттың шатырына қарай ойысып, 506 шаршы метр аумақтағы шатыр бүлінген. Өрт 6 сағат 34 минутта сөндірілді.

Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 167 адамы мен 12 техникасы тартылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны