16.08.2006, 15:48 3470

Шымкентте облыстық адвокаттар алқасының төрағасы пара алғаны үшін ұсталды

ШЫМКЕНТ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Шымкентте облыстық адвокаттар алқасының төрағасы пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық адвокаттар алқасының төрағасы 2 мың доллар көлемінде пара алу сәтінде өзінің жұмыс бөлмесінде қолға түсті. Бұл ақшаны ол адвокаттық қызметпен шұғылдануға құқық беретін лицензия алуға көмектесу үшін талап еткен. Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің тергеу басқармасы "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Облыстық адвокаттар алқасының төрағасынан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Бұған қоса ҰҚКД-нің тергеу басқармасы Сайрам ауданы Жаңаталап ауылдық округінің әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол жеке баспана тұрғызуға жер телімін бергені үшін 40 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды. Делдалдың үстінен де ҚР Қылмыстық кодексінің 313-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны