06.06.2006, 15:15 3081

Шымкентте облыстық кәсіподақ ұйымдары кеңесінің ғимараты тоналды

ШЫМКЕНТ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте облыстық кәсіподақ ұйымдары кеңесінің ғимараты тоналды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ғимаратта жұмыс істейтін қызметкерлер хабарлады.

Олардың айтуынша, облыстық кәсіподақ ұйымдары кеңесінің ғимаратына шабуыл түнде жасалған. Бетперде киген белгісіз біреулер (куәгерлекрлің айтуынша, 3-6 адам) күзетшілерді байлап тастап, жұмыс бөлмелері мен сейфтерді ашып, тонаушылық жасаған. Алдын-ала мәлімет бойынша, барлығы 8 бөлменің есігі бұзылған. Оның ішінде осы ғимаратта бөлме жалдап отырған фирмалардың кеңселері де бар.

Компьютерлік техникаға ешкім тиіспеген. Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеуде. Шығын көлемі анықталу үстінде.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі әзірге оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны