31.01.2007, 20:21 6850

Шымкентте облыстық салық комитетінің қызметкері пара алғаны үшін құрықталды

ШЫМКЕНТ. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының салық комитетінің қызметкері пара алғаны үшін құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 30-қаңтарда департамент қызметкерлері облыстық салық комитетінің әкімшілік ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысының салық комитетінің аудит басқармасының бас маманын құрықтаған. Ол кәсіпкерден 7 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Шенеулік мұндай соманы жеке кәсіпкерге ЖШС-ті таратуға қажетті құжаттарды дайындау процессін жеделдетуге көмектескені үшін боспалаған.

Осы күні аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы бойынша (ірі көлемде пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бап ұсталғанның мүлкі тәркіленіп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Ұсталған Қазақстан Республикасының тергеу изоляторына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны