26.03.2013, 12:28 3367

Шымкентте өз үйінде кәсіпкер мен ұлы өлтірілген, қызы мен әйелі - ауруханада жатыр

ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 наурыз күні 4 сағат 40 минутта бетперде киген беймәлім адамдар кәсіпкердің үйіне басып кірген, үй иелерін ұрып, олардан ақша талап еткен. Ауыр дене жарақаттарынан 50 жасар үй иесі мен оның 18 жастағы ұлы қаза болды. Жұбайы және қызы ауруханаға жеткізілді.

Шымкент. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Шымкентте бизнесмен отбасына қатыгездікпен шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 наурыз күні 4 сағат 40 минутта бетперде киген беймәлім адамдар кәсіпкердің үйіне басып кірген, үй иелерін ұрып, олардан ақша талап еткен. Ауыр дене жарақаттарынан 50 жасар үй иесі мен оның 18 жастағы ұлы қаза болды. Жұбайы және қызы ауруханаға жеткізілді.

Қылмыскерлер үйден ақша мен алтын әшекейлерді алып кеткен. Өлтірілген кәсіпкер - Шымкенттегі ірі дүкеннің иесі.

Қазіргі уақытта арнайы топ күдікті тұлғаларды іздестіруде. Бұл факті бойынша ҚР ҚК: 179 "қарақшылық", 96 "кісі өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны