01.11.2006, 18:42 2795

Шымкентте пара алды деген күдікпен мектеп -интернаттың директоры ұсталды

ШЫМКЕНТ. 1 қараша . Kazakhstan Today. Шымкентте пара алды деген күдікпен арнаулы оқу интернатының директоры ұсталды. Бұл жөнінде журналистерге ОҚО экономикалық және жемқорлықпен қылмыстармен күрес жөніндегі департаменттің тергеу және тексерту ісі жөніндегі басқарма бастығы Серік Өтембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Todaу агенттігінің тілшісі.

С.Өтембаевтың айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын қаржы полициясы департаментіне құрылыс компаниясының басшысы шағым айта келген. Ол құрылыс компаниясы жұмыс істеген арнаулы интернат директорының одан пара талап еткені туралы хабарлаған. "Бізге Шымкент қаласындағы мектеп-интернат директоры ғимаратқа жүргізілген жөндеу жұмыстарын қабылдау туралы актіге қол қою үшін 500 мың теңге көлемінде ақша талап еткені жөнінде арыз келіп түсті",-деді С.Өтембаев.

Директор өзінің қызмет бөлмесінде ұсталды. Сол жерде белгі соғылған ақшалар табылды.

"Негізінен интернат басшысы ақша алғанын жоққа шығармайды",-дейді С.Өтембаев. Бірақ, директор "бұл соманы өзге жұмыстарды аяқтағанша кепіл ретінде алғанын" айтып ақталған.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. С.Өтембаевтың сөзіне қарағанда, бұл жыл басынан бері білім саласында тіркелген 15-ші жемқорлыққа қатысты қылмыс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны