05.03.2007, 17:50 3440

Шымкентте психикалық ауру жігіт бір жасөспірімді жаралады

ШЫМКЕНТ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Шымкентте жарымес жігіт жасөспірімді алдын-ала кепілге алып, оны жаралады. Бұл туралы журналистерге Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жүйке-жүйе ауруларын емдеу орнынан жуықта ғана емділіп шыққан 23-жастағы жігіт көршілес пәтерде тұратын жасөспірімді кепілге алған. Ол қолдан жасалған тапаншамен қорқытып, мектеп оқушысының ата-анасынан арақ пен темекі сатып алып беруді талап еткен. Полицейлер кепілге алынған баланы құтқарып алды, бірақ жарымес жігіт жасөспірімді кеудесінен жаралады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сегізінші сынып оқушысының ахуалы қанағаттанарлық. Күдікті қамауға алынды. Ұсталғанның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптар, соның ішінде адамды кепілдікке алу, адам өлтіруге әрекет жасау және заңсыз қару сақтау және сақтау жөніндегі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл соңғы бірнеше күн ішіндегі жүйке-жүйесі ақаулы адамдардың қолынан балалардың зардап шегуіне байланысты екінші оқиға. Бұрын хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында жарымес әйел екі баланы өлтіріп, үшеуін жаралаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны