16.05.2011, 12:16 3423

Шымкентте жер асты дүмпулері сезілді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Ауғанстан Республикасында жер сілкінген. Жерасты дүмпулері Қазақстан аумағында да байқалды.

Астана. 16 - мамыр. Kazakhstan Today - Шымкентте жер асты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Ауғанстан Республикасында жер сілкінген. Жерасты дүмпулері Қазақстан аумағында да байқалды.

"ҚР Білім және ғылым министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің хабарламасына сәйкес, 15 мамыр күні түнгі сағат 3.9 Ауғанстан Ислам Республикасының негізгі таулы жүйесі - Гиндукушта К = 13,5 энергетикалық қуатымен жер сілкінді.

Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 745 шақырым жерде орналасты. Онымен бірге, жерасты дүмпулері Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында МSК - 64 бағаны бойынша 2 балл қуатымен байқалды", - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Қазақстанның құтқарушыларына қираулар мен құрбандар туралы ақпарат түспеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны