18.06.2007, 18:26 2546

Шымкентте жергілікті тұрғын Алматыдан әкелінген цезий-137 радиоактивті материалды сатпақ болған

ШЫМКЕНТ. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте жергілікті тұрғын Алматыдан әкелінген цезий-137 радиоактивті материалды сатпақ болған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Шымкент тұрғынын "Фосфор" мәдениет сарайының жанында цезий-137 радиоктивті материалы бар құтыны 1,5 млн теңгеге сатып тұрған жерінен құрықтаған.

"16-маусымда құтының иесі Шымкентке сатудан түскен 1 млн 250 мың теңгені алу үшін келген, ол ақша алу үстінде ұсталды",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталған екеудің - радиоактивті материалды тасымалдаушы мен сатушының - үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-тармағы бойынша (радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді, тергеу жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны