15.01.2016, 17:40 5404

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан 20-ға жуық адам зардап шекті

Мұнда 10 автокөлік соқтығысқан. №101 бағытта жүретін автобус жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келген күйі алдында тоқтап тұрған темір тұлпарларды жайпап кеткен

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Шымкенттегі Бәйдібек би көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мұнда 10 автокөлік соқтығысқан. №101 бағытта жүретін автобус жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келген күйі алдында тоқтап тұрған темір тұлпарларды жайпап кеткен, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Соныӊ салдарынан 17 адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға басында болған жүргізушілердіӊ айтуынша, қоғамдық көліктіӊ жылдамдығы өте жоғары болған. Ийтпесе бір қатарда тұрған 10 автокөлікті соғып жылжыту мүмкін емес, - дейді олар.

Автобустыӊ ішінде жолаушылар да болған көрінеді. Абырой болғанда адамдар ауыр жарақат алмаған. Ауруханаға қоғамдық көліктіӊ кондукторы мен жүргізушісі де жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны