29.06.2016, 18:43 7857

Шымкенттегі көлік апатынан 7 адам жапа шегіп, жас бала қайтыс болды

ОҚО ІІД баспасөз қызметініӊ мәліметтері бойынша, "Луидор" маркалы маршруттық таксидіӊ 1976 жылы туған жүргізушісі "Дэу-Джентра" маркалы автокөлігімен соқтығысқан. "Дэу-Джентра" рөлінде Шымкент қаласыныӊ 1984 жылы туған тұрғыны отырған. Апат орнында жедел жәрдем жеткенше 2 жастағы ұл бала қайтыс болды. Баланыӊ отбасы жеӊіл автокөлікте келе жатқан"

Шымкент. 29 маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласына жақын орналасқан Жаӊаталап ауданында ірі жол көлік апаты орын алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ОҚО ІІД баспасөз қызметініӊ мәліметтері бойынша, "Луидор" маркалы маршруттық таксидіӊ 1976 жылы туған жүргізушісі "Дэу-Джентра" маркалы автокөлігімен соқтығысқан. "Дэу-Джентра" рөлінде Шымкент қаласыныӊ 1984 жылы туған тұрғыны отырған. Апат орнында жедел жәрдем жеткенше 2 жастағы ұл бала қайтыс болды. Баланыӊ отбасы жеӊіл автокөлікте келе жатқан", - деп хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

7 адам аурухана жеткізілді. Олардыӊ арасындағы тағы бір балаға қалалақ балалар ауруханасында ота жасалған. Қазір бала жасанды тыныс алдыру аппаратынан ажыратылған, өздігінен тыныс алып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кімніӊ кінәлі екенін анықтау үшін сараптамалар тағайындалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны