09.06.2008, 11:56 1417

Шыңғыс Айтматовтың денсаулық жағдайы өзгеріссіз қалып отыр

Шыңғыс Айтматовтың денсаулық жағдайы өзгеріссіз қалып отыр

Бішкек. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Танымал қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың денсаулық жағдайы өзгеріссіз қалып отыр. Бұл туралы агенттік тілшісі Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда Қырғызстанның Германиядағы елшісі Маратбек Бакиев Ш.Айтматов емделіп жатқан Нюрнбергтегі ауруханада болды. Ол жазушының жұбайы Мария Урматовнамен, ұлы Эльдармен және жазушы емдеуші дәрігерімен кездесті.

Қырғыз елшісі Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев пен премьер-министр Игорь Чудиновтың, Халықаралық "Руханият" қауымдастығының атынан тез арада сауығып кетуді тілеп, ұлы жазушының дарынына бас иіп, пір тұтатын азаматтардан елшілікке келіп жатқан тілек хаттардың мән-мазмұнынан хабардар етті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мамырдың ортасында Қазанға сапармен барған жазушы осы сапары кезінде кенет ауырып қалған. Ол жергілікті ауруханаға жатқызылып, оған көмек көрсетіліп, артынан жазушы Германиядағы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны