28.12.2010, 15:57 3916

ШҚО 150 астам адам қар құрсауынан босатылды - ТЖД

ШҚО 150 астам адам қар құрсауынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Семей. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - ШҚО 150 астам адам қар құрсауынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖД хабарлауынша, кеше Өскемен-Зырян тас жолында қар құрсауында қалып қойған 39 автокөліктегі 147 адам құтқарылды. Көліктерден құралған шеру Северное ауылы маңында кептеліп қалған болатын. Зырян ауданы ТЖ қызметінің және ДЭУ жұмыскерлерінің күшімен автоколонна Зырян қаласына жеткізілген

"Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД құтқарушылары кеше болған қарлы боран кезінде Медведка ауылы маңында жоғалып кеткен 6 адамды іздестірген болатын. Құтқарылғандар елді мекендерге жеткізілді. Атап өту керек, кеше іздестіру-құтқару жұмыстары еш нәтижесіз болған еді. Бүгін таңертең іздестіру жұмыстары жалғасын тауып, сәтті аяқталды.

Сонымен қатар, Көкпекті ауданының құтқарушылары Көкпекті-Шігілік тас жолында қар құрсауында қалып қойған трактор мен оның үш жолаушысын құтқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны