19.10.2011, 14:52 3702

ШҚО 16 жасар қыз үш жасар інісін жалын шарпыған пәтерден алып шықты

"19 қазанда Анастасия Мосиченко мен оның 3 жасар інісі, ата-анасы жұмыста болып, үйде жалғыз қалған. Қыз бір мезет көзі ілініп кетіп, түтіннің иісінен оянады. Оның інісі сіріңкемен ойнап отырып, шыққан жарқылдан пәтер отқа оранған", - делінген ШҚО ТЖД таратқан хабарламада.

Семей. 19-қазан. Kazakhstan Today - ШҚО 16 жасар қыз үш жасар інісін жалын шарпыған пәтерден алып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында 16 жасар қыз бала 3 жасар інісін өрт шалған пәтерден құтқарып шықты, деп хабарлайды аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"19 қазанда Анастасия Мосиченко мен оның 3 жасар інісі, ата-анасы жұмыста болып, үйде жалғыз қалған. Қыз бір мезет көзі ілініп кетіп, түтіннің иісінен оянады. Оның інісі сіріңкемен ойнап отырып, шыққан жарқылдан пәтер отқа оранған", - делінген ШҚО ТЖД таратқан хабарламада.

Бір тал шырпыдан шыққан от бірден пердеге тиіп, жалын терезені толықтай жалмай жөнелген.

"Қыз бала есі шықпай, бірден інісін алып, далаға қашып шыққан. Кейін Настя пәтерге оралып, бір тегене сумен өртті сөндірмек болады. Алайда жалғыз өзі тілсіз жауға төтеп бере алмаған қыз бала көп мөлшерде түтін жұтып қояды", - дейді баспасөз қызметі.

Терезеден будақтаған түтінді көрген куәгерлер өрт сөндіру қызметін шақырады. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше от пәтердің 22 шаршы метрін жалмап үлгерген.

Қыз баланы ауруханаға жатқызу қажет болмады. Қазір балалар ата-анасының қасында. Хабарланғандай, Мосиченконың отбасында 5 бала бар көрінеді. Екі қыз бала мен бір ұл бала өрт шыққан уақытта мектепте болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны