31.01.2011, 16:35 6926

ШҚО болған көшкін теміржолды басып қалған

ШҚО болған көшкін теміржолды басып қалып, соның салдарынан жолаушылар пойызы тоқтылыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Семей. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - ШҚО болған көшкін теміржолды басып қалып, соның салдарынан жолаушылар пойызы тоқтылыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен сенбі күні Ұлан ауданындағы Огневка-Ермаковка өткелінің 59 шақырымында қар көшкіні болып, теміржолды басып қалған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жол жұмысшылары бір сағаттың ішінде жолды аршығанымен, "Зырьян-Защита" бағытындағы жолаушылар пойызының қозғалысын тоқтатуға тура келген. Жұмыстар кезінде пойыз "Огневка" стансысында 40 минут тұрып қалды. Темір жолды тазартқаннан кейін жолаушылар пойызы қозғалысын жандандырды.

ТЖ қызметтері хабарлап отырғандай, қар көшкіні ауа райының күрт өзгеруінен болған сыңайлы. Ұзақ мерзімді қырық градустық аяздардан кейін, ауа температурасы 10-15 градус аязға дейін көтерілген.

Сонымен қатар, Өскемен - Самарск тасжолында 28 жеңіл көлік пен 2 автобус қар құрсауында қалып, 150 адам құтқарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны