23.02.2012, 13:16 2941

ШҚО бұрқасында жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Сәрсенбі күні Қатон-Қарағай ауданының Жамбыл ауылындағы орта мектеп директоры Күршім шекара жасағының "Өріл" шекара комендатурасына жүгініп, тоғызыншы сынып оқушысын іздеуге көмектесуді сұраған.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - ШҚО бұрқасында жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҰҚК шекара қызметі мәлімдеді.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Қатон-Қарағай ауданының Жамбыл ауылындағы орта мектеп директоры Күршім шекара жасағының "Өріл" шекара комендатурасына жүгініп, тоғызыншы сынып оқушысын іздеуге көмектесуді сұраған.

Директордың сөзіне қарағанда, бала үйінен таңертең шыққан күйі жоғалып кеткен. Тұрғындар мен полиция қызметкрелері оны іздеп таба алмаған.

Жеткіншек баланы іздеуге шекарашылар қызметтік иттің көмегімен кіріскен.

Бірнеше сағаттан кейін тоғызыншы сынып оқушысы үйінен жеті шақырым жердегі иесіз жатқан қой қорадан аман-есен табылған. Ол таңертең қыстақтағы ата-анасына бармақ болып жолға шыққан, бірақ түтеген қарда адасып кеткен. Иесіз жатқан қой қораны көрісімен, түтек басылғанша, сонда паналауға бел буған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны