30.04.2008, 09:30 3239

ШҚО екі адам өзенге батып кетті

ШҚО екі адам өзенге батып кетті

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс-Қазақстан облысында екі адам өзенге батып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтері бойынша, Шемонайха қаласында (ШҚО) 28 сәуірде 20 сағат 30 минутта Уба өзені жағалауында "Тойота " көлігі бөгеннен шығып кетіп өзенге құлаған. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы өзенге батып кеткен.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, " Тойота" көлігі жүргізушісінің мәйіті 29 сәуірде 13 сағат 40 минутта судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды. Қазіргі уақытта суға батып кеткен жолаушының мәйіті іздестірілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны