17.03.2011, 12:44 3210

ШҚО қатты соққан жел мектептер мен ауруханалардың шатырларын ұшырып кетті

ШҚО қатты соққан жел мектептер мен ауруханалардың шатырларын ұшырып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 17 - наурыз. Kazakhstan Today - ШҚО қатты соққан жел мектептер мен ауруханалардың шатырларын ұшырып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қыземтінің хабарлауынша, 2011 жылдың 16-наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында қатты соққан жел (секундына 20-25 метр) Боран аулындағы мектеп-гимназияның шатырын (110 шаршы метр), Қойтас ауылындағы мектеп шатырын (80 шаршы метр) және Алғабас ауылындағы мектептің шатырын (150 шаршы метр) ұшырып әкеткен.

Сонымен қатар, Ұлан ауданында түнде соққан қатты жел салдарынан аудандық аурухана мен дәрігерлік амбулатория зардап шекті. Келген залалдың жалпы аумағы 400 метрді құрады. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары келген шығын мөлшерін анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны