02.09.2010, 12:56 3111

ШҚО, Қызылорда және Алматы облыстарында қатты боран соғады деп күтілуде

Бүгін ШҚО, Қызылорда және Алматы облыстарында шаңды боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 2 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ШҚО, Қызылорда және Алматы облыстарында шаңды боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазгидрометтің" болжауына сүйенсек, бүгін, қыркүйектің 2-сі күні Қазақстанның шеткері шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады. Ал республиканың қалған аумақтарына антицклон тарамдары әсер етеді деп болжануда.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, ұйытқыма жел тұрады. Ал Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-23 метрді құрайтын болады.

Сонымен бірге, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жекелеген өңірлерінде - қатты ыстық болады деп күтілуде.

Сондай-ақ бүгін, Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен орталығында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны