28.12.2010, 15:20 3858

ШҚО мен Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжолдар жабылды

ШҚО мен Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - ШҚО мен Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, Алматы облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты (қар) 27 желтоқсанда сағат 14.30-дан бастап көліктің барлық түрлері үшін "Талдықорған - Қапал" автожолы жабылды, ал үлкен жүк көліктері үшін "Сарқанд-Үшарал" жолы жабылды.

Сонымен қатар, сағат 16.00-ден бастап "Үшарал-Достық" және "Үшарал-Өскемен" жолдары да барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында боран, көріну қашықтығының нашарлығына байланысты 2010 жылғы 27 желтоқсанда сағат 21.00-де "Өскемен-Зырян-Рахманов бұлағы" тас жолының 0-166 шақырым учаскесінде, "Омбы-Майқапшағай" тас жолының "Қалбатау-Көкпекті" (954-1002 километр) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сондай-ақ, "Өскемен-Тарғын-Самарское" тас жолының 17-145 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны