05.12.2008, 09:48 1794

ШҚО мен Теміртауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

ШҚО мен Теміртауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ШҚО мен Теміртауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 5 желтоқсанда сағат 01.34-те Теміртаудағы Бейбітшілік даңғылында көппәтерлі тұрғын үйдегі бір пәтерде 16 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан 46 жастағы ер адам қаза тауып, тағы бір адам күйікпен ауруханаға жатқызыллы.

Сонымен бірге 4 желтоқсанда шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Таврическое ауылында екі қабытты тұрғын үйде өрт шықты. 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 74 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өрттерді ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметі сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны