13.09.2010, 13:52 3437

ШҚО орман шаруашылығында шыққан өрт ауыздықталды

ШҚО орман шаруашылығында шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ШҚО орман шаруашылығында шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 12.15 Бесқарағай ауданында 8-қыркүйекте басталған өрт ауыздықталған. Орманшаруашылығының 400 гектар аумағы өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ жоюға 165 адам мен 39 техника жұмылдырылған. Соның ішінде өрт сөндірге ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 82 қызметкері мен 27 техникасы ат салысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны