15.09.2011, 12:35 3406

ШҚО орманды алқапта шыққан өртті сөндіру жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында орманды алқап өртеніп жатыр. Тілсіз жау Марқакөл орман шаруашылығында тұтанған. Соңғы мәлімет бойынша, қызыл жалын 700 гектар аумақты шарпып үлгеріпті. Оның 200 гектары - қарағайлы орман.

Алматы. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today - ШҚО орманды алқапта шыққан өртті сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында орманды алқап өртеніп жатыр. Тілсіз жау Марқакөл орман шаруашылығында тұтанған. Соңғы мәлімет бойынша, қызыл жалын 700 гектар аумақты шарпып үлгеріпті. Оның 200 гектары - қарағайлы орман.

Өрт сөндірушілердің жұмысына қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде. Оларға орман шаруашылығының мамандары мен жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр. Жалпы тілсіз жауды ауыздықтауға 300-ден аса адам жұмылдырылған. Қаулаған өрт Қытаймен шекараға дейін екі шақырымдай ғана жетпей тұр. Құтқарушылар оны көрші елге жеткізбей сөндіріп тастауға талпынуда. Жағдайда әуеден екі тікұшақ бақылап жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны