20.09.2010, 13:14 3304

ШҚО тұрғын үй өртеніп, үш бала мерт болды

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауылында тұрғын үйлердің бірі өртеніп, үш бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикамының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 20 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауылында тұрғын үйлердің бірі өртеніп, үш бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикамының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өрт қыркүйектің 19 күні сағат 19.50 Крупская көшесі, 183 мекен-жайында орналасқан екіпәтерлі үйде шыққан. Құтқарушылар 56 шаршы метр аумаққа тараған өртті ауыздықтау барысында 5, 3 және 1 жасар сәбилердің мәйіттерін тапты.

Тілсіз жауды құрықтауға облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылып, өрт екі жарым сағаттан кейін сөндірілген, деп хабарлады ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны