15.09.2010, 13:24 3164

ШҚО тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі адам қаза болды

ШҚО Ұлан ауданының Таврия аулындағы тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ШҚО Ұлан ауданының Таврия аулындағы тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт бүгін түнде, сағат 01.47 Ұлан ауданы Таврия ауылындағы екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерден шыққа. өрт сөндіру барысында 7 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт шыққан жерден 26 және 42 жастағы екі азаматтың мәйіттері табылды.

Тілсіз жау сағат 02.49 ауыздықталды. Өрт сөндіруге ШҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны