16.03.2011, 14:46 3194

ШҚО үш қар көшкіні жүріп, біреу тасжолды басып қалған

ШҚО үш қар көшкіні жүріп, біреу тасжолды басып қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 16 - наурыз. Kazakhstan Today - ШҚО үш қар көшкіні жүріп, біреу тасжолды басып қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 15 наурыз күні сағат 11-де ШҚО Қатонқарағай ауданындағы "Сөгір-Печи" автожолының 14-ші шақырымында күннің жылынуынан түскен жауын-шашындардан кейін, өздігінен 130 текше метр көлемде қар көшкіні жүрді. Қар жартылай автожолды жауып қалды.

Осы күні сондай-ақ, күндізгі сағат бірге жақын аталмыш автожолдың 16-шы шақырымында жалпы көлемі 120 текше метр болатын тағы үш көшкін өздігінен түсті. Құтқарушылар анықтап бергендей, барлық төрт жағдайда да құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны