07.06.2011, 12:45 3241

ШҚО жауған бұршақ салдарынан 5 мың гектар егін алқабы бүлініп, 80 бас мал қырылып қалды

"5 маусым. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы. Үржар, Ақжар, Жанай Тілек, Алтыншоқы, Айтбай, Лайбұлак, Наулы ауылдарында бұршақ жауды (диаметрі 13 мм)", - деп ақпарат береді баспасөз қызметі.

Астана. 7 - маусым. Kazakhstan Today - ШҚО жауған бұршақ салдарынан 5 мың гектар егін алқабы бүлініп, 80 бас мал қырылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында бұршақтан мектептердің әйнегі сынып, егіндер мен малдарға зиян келді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"5 маусым. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы. Үржар, Ақжар, Жанай Тілек, Алтыншоқы, Айтбай, Лайбұлак, Наулы ауылдарында бұршақ жауды (диаметрі 13 мм)", - деп ақпарат береді баспасөз қызметі.

"Жауған бұршақтың салдарынан жалпы ауданы 486 шаршы метр мектеп әйнектері және 1900 шаршы метр шатыр шиферi (асбест) зақымданды. Аудан аумағында 4936 га егіс алқабы бүлінді. 4 бас ІҚМ, 78 бас ұсақ мал қырылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны