10.09.2010, 12:58 3107

ШҚО ЖШС-дің бірінде өрт шығып, 200 тонна шөп өртеніп кетті

ШҚО ЖШС-дің бірінде өрт шығып, 200 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ШҚО ЖШС-дің бірінде өрт шығып, 200 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы "Ертіс тонус плюс" ЖШС-нің аумағында тұтанған өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Соның салдарынан 200 тонна шөп өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрт ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 10 қызметкері мен 3 техникасының күшімен ауыздықталды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты "Арғымақ" шаруа қожалығының 720 гектар шабындығы өрт құшағына оранды. Апат салдарынан 200 тонна дайын шөп өртеніп, оны сөндірмек болған 56 жасар механизатор күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау 7 сағат өткеннен кейін ғана ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны