01.04.2013, 15:34 3407

ШҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды

BNews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыырп хабарлауынша, 2013 жылдың 31 наурызы күні сағат 16:00-де Жарма ауданындағы "Алматы - Өскемен" автожолында "Тойота-Камри" жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Тойота-Каринамен" бетпе-бет соқтығысқан.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында екі автокөліктің соқтығысуынан 5 адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды, оның біреуі жас бала, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыырп хабарлауынша, 2013 жылдың 31 наурызы күні сағат 16:00-де Жарма ауданындағы "Алматы - Өскемен" автожолында "Тойота-Камри" жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Тойота-Каринамен" бетпе-бет соқтығысқан.

ЖКО салдарынан екі көліктің жүргізушісі, "Тойота-Карина" автокөлігінің 3 жолаушысы көз жұмды. "Тойота-Камридің" 4 жолаушысы, оның ішінде 2002 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны