31.05.2012, 01:06 7297

Шу ауданында болған көлік апатынан төрт адам мерт болды

"ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлімі (2 немесе одан да көп адамның өліміне себеп болған жол-көлік ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады брифингте ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Сарсенбаева.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Шу ауданында орын алған қайғылы жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлімі (2 немесе одан да көп адамның өліміне себеп болған жол-көлік ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады брифингте ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Сарсенбаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 28 мамырда шамамен сағат 21.30-да Шу-Қордай тас жолының 5-ші шақырымында "ГАЗ-2705" маркалы көлікпен "Ауди-100" соқтығысты.

"Шу қаласынан Қордайға бағыт алған "ГАЗ-2705" маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып "Ауди" көлігімен соқтығысты. Жол-көлік апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушы, оның ішінде 2 жасар сәби алған жарақатына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушінің жұбайы есін жимастан Шу қаласындағы аудан орталығының ауруханасында жан тәсілім етті. Олардың екі ұлы (4 және 5 жасар), сондай-ақ жүк көлігінің 29 жасар жолаушысы ми шайқалу, бас сүйек ми зақымы диагнозымен және сүйектерінің сынуымен ауруханаға жеткізілді".

"ГАЗ-2705" маркалы көліктің 24 жасар жүргізушісі ҚР ҚК-нің 132 бабы бойынша Шу ауданының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Бұл іс бойынша бірқатар сараптама белгіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны