12.04.2012, 13:59 3421

"Шұбаркөл-Көмір" көмір разрезінде тау жынысы опырылып, екі жұмысшы мерт болды

Оқыс оқиға 11 сәуір сағат 22:20-да "Орталық" көмір разрезіндегі "Шұбаркөл-Көмір" АҚ, Шұбаркөл елдімекенінде болды.

Қарағанды. 12-сәуір. Kazakhstan Today - "Шұбаркөл-Көмір" көмір разрезінде тау жынысы опырылып, екі жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқыс оқиға 11 сәуір сағат 22:20-да "Орталық" көмір разрезіндегі "Шұбаркөл-Көмір" АҚ, Шұбаркөл елдімекенінде болды.

"Жүк тиеу жұмыстарын орындау кезінде жоғарыдағы ойықтық тау жыныстары опырылып құлады. Соның салдарынан екі адам мен ЭКГ-14 экскаваторы үйінді астында қалды. ҚР ТЖМ "Көмір" ИАҚҚ бөлімінің күшімен (5 адам және 1 дана техника) 1970 жылы туған машинист К. Жапелов пен 1986 жылы туған Ж.Амангелдінің денесі шығарылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны